(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖЕР-КАДАСТРЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ЖАСАУ ЖӨНІНДЕ...

Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы

министрі

2022 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 295 бұйрығымен бекітілген

 

 

Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі

нұсқаулық

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібін айқындайды.

2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) геоним – көшелер, алаңдар, желілер, аллеялар, бульварлар, жолдар, жағалаулар, тұйық көшелер, даңғылдар, өтпе жолдар үшін жалпылама ұғым;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.