Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 77 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 188 Қаулысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 77 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4888 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ойыл аудандық мәслихаты
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 188 қаулысына қосымша
Ойыл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 05 сәуір
№ 77 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі