(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2015.29.01 № 56 БҰЙРЫҒЫ

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-іздестіру бөлімшелері (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлерінің кадр резервін қалыптастыру қағидасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінде біліктілік сыныптарын белгілеу қағидасы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі лауазымдарының санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, шекті мәндер;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеу түрлерін қолдану қағидасы;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет жұмысқа қабылданатын тұлғалардың арнайы бастапқы оқудан өтуі қағидасы;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене даярлығын ұйымдастыру қағидасы;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының қарауында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруі қағидасы;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу қағидасы;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.