Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге ұсынсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.