«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 12 Қаулысы

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 12 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Субсидиялау қағидаларында:

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) кәсіпкер - Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі - сауда саласындағы қызметті (ЭҚЖЖ кодтары 45.1, 45.3, 45.4, 46, 47), сондай-ақ жылжымайтын мүлікке байланысты қызметті (ЭҚЖЖ коды 68) қоспағанда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде көрсетілген қызметке сәйкес дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);»;

мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.