ҚР Үкіметінің 2025.02.06. № 400 Қаулысымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.22.10. № 945 Қаулысымен (2026 ж. 7 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген
Субсидиялау қағидалары
(2026.07.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы құралдарының мынадай түрлері үшін субсидиялауды ұсыну тәртібін айқындайды:
1) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) берген кредиттер;
2) ислам банктерінің (бұдан әрі - ИБ) кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық талаптар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 437 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38840 болып тіркелген) бекітілген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Мониторингтеу қағидалары) шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын талаптар;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жобаны іске асыру - кәсіпкер жүзеге асыратын және қаржы институтының шешімінде айқындалған мақсаттар мен шарттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимыл мен іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде шығатын тауардың болуы, қызметтер көрсету және қаржы институтының шешіміне сәйкес кәсіпкердің мәлімделген қызметті жүзеге асыруы;