«Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 817 бұйрығы
БҰЙРАМЫН:
1. «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар - халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары - өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;»;
5-1-тармақ алып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: