Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы
Ақтөбе облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 232 шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 576-бабының 8-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.
2. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 160 «Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» және 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген) шешімінің 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы | С. Шинтасова |
2022 жылғы 8 маусымдағы
№ 139 шешіміне қосымша
Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
| 2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
| 3. | Шаң және күл | 10 | |
| 4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 3 986 | |
| 5. | Күкіртсутек | 124 | |
| 6. | Фенолдар | 332 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
| 8. | Формальдегид | 332 | |
| 9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
| 10. | Метан | 0,02 | |
| 11. | Күйе | 24 | |
| 12. | Темір тотықтары | 30 | |
| 13. | Аммиак | 24 | |
| 14. | Алты валентті хром | 798 |