«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 615 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 615 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 18 тамыздағы № 353 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:

Исекешев Әсет Өрентайұлы - Астана қаласының әкімі енгізілсін (келісім бойынша);

көрсетілген кеңестің құрамынан:

Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы шығарылсын;

көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:

Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі енгізілсін;

көрсетілген кеңестің құрамынан:

Ырсалиев Серік Әзтайұлы шығарылсын;

көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:

Мұқанов Нұрлыбек Бекболатұлы - Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры (келісім бойынша);

Садуақасов Сабыржан Өміртайұлы - Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» АББҰ директоры енгізілсін (келісім бойынша);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.