(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ КӨШЕЛЕРІН КҮТІП ҰСТАУ, АҒЫМДАҒЫ, О...

Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.

2. «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда облысының әкімі

Қ. Көшербаев

 

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы 20 қаңтардағы

№ 307 қаулысымен бекітілген

 

 

Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу

кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің

 сыныптамасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы елді мекен көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау (бұдан әрі - сыныптау) елді мекендер көшелерін (бұдан әрі - көшелер) және ондағы құрылыстарды күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.

2. Сыныптау жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.

3. Осы Сыныптауда мынадай анықтамалар қолданылады:

1) елді мекен көшелерін басқарушылар - көшелердің меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы көшелерді басқару қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.