«Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 23-137 шешімі

Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 23-137 шешімі

 

Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190684 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 478 127 723 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсiмдер бойынша 40 055 979 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша 15 783 871 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 36 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша 422 251 873 мың теңге;

2) шығындар 486 593 428 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 15 509 833 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 32 251 910 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 16 742 077 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2 879 555 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 2 879 555 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 26 855 093 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

26 855 093 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 36 826 995 мың теңге;

қарыздарды өтеу 11 614 628 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 642 726 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 7, 8, 14 және 15-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

«7. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 10 534 699 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

білім беруге 4 297 084 мың теңге;

әлеуметтік көмекке 647 091 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.