Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 Қаулысы
(2023.21.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 279 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.