Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/495 Қаулысы
(2016.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса ұсынылып отырған:
1) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;