«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 29 наурыздағы № 134 бұйрығы

«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 29 наурыздағы № 134 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында:

2-тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«16) қол қою бонусының түпкілікті мөлшері - қол қою бонусының аукцион өткізу қорытындылары бойынша белгіленген мөлшері;»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық құжат форматында, ЭЦҚ-мен куәландырылған аукцион өткізуге арналған өтінішті құзыретті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

Жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша аукцион өткізуге арналған өтінішті осындай адам аукцион өткізуге арналған өтініш қабылданғанға дейін береді.»;

13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарлама Кодекстің 95-бабының 2, 2-1-тармақтарында көзделген мәліметтерден тұрады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.