«Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 217 және Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 230/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 469 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 561/НҚ бірлескен бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 217 және Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 230/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 469 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 561/НҚ бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. ««Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 217 және Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 230/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әкімшілік-аумақтық бірлік - Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі, оның шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылады.

Әкімшілік-аумақтық бірлікке облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, кент, ауыл жатады;»;

7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«7) елдi мекен - халқының саны кемiнде 50 адам болатын, тұрақты тұруға арналған Қазақстан Республикасы аумағының халық ықшам қоныстанған бөлігі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.