«Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы (2026.07.03. берілген өзгерістермен)

Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы

(2026.07.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2026.20.02. № 117 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі) 74-бабының 6-тармағына, 113-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2026.20.02. № 117 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарын тарату кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қайта ұйымдастыру кезінде, оның ішінде жекелеген санаттағы салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салықтық міндеттемені орындау қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібі, сондай-ақ салық төлеушілерді салық төлеушілердің жекелеген санаттарына жатқызу шарттары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.