Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 235 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н.Жақыпова):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К.Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 235 бұйрығымен бекітілген
Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы
даярлау тетігі
1. Жалпы ережелер
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылына қарамастан базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігі (бұдан әрі-Тетік) магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлаудың міндеттерін, шарттарын анықтайды.
2. Тетік «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдегі № 319- III Заңына сәйкес әзірленді.
3. Магистрлер мен PhD докторларды нысаналы даярлаудың негізгі міндеті жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, елдің тұрақты индустриалды-инновациялық дамуы үшін қажетті білімді игеру, жинақтау және беруді қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігіне және теңгерімділігіне қол жеткізу болып табылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.