«Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 395 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларында:
6-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері - өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылатын тауарларын, орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Өнеркәсіптік грант мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі:
1) қазақстандық тауар өндірушілер болып табылатын;
2) шағын және орта кәсіпкерліксубъектілер болып табылатын;
3) қызметін ұлттық институтқа өтінім беру күніне дейін кемінде 3 (үш) жыл жүзеге асыратын ұйымдар;
4) Заңның 9-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілетін басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімді өндіруге ғана бағдарланған өнім;
5) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;
6) жабдықтың меншік иесімен немесе өтінім берушімен жабдықтау жөніндегі құқықтарды басқаға беруді жүзеге асыратын тұлғамен үлестес болмауы тиіс;
7) қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персоналдың болуы;