«Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 174 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 82 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
2 және 3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары - 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында;
11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары - 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 16 маусым аралығында.
3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан - 2025 жылғы 29 мамыр;
2) қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) - 2025 жылғы 2 маусым;