«Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 05 маусымдағы «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 680/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 шілдедегі № 1128/2 Қаулысы

Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 05 маусымдағы «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 680/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 шілдедегі № 1128/2 Қаулысы

 

Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 05 маусымдағы «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 680/1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге:

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1) «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық тұрғын үй қорын жедел басқаруды жүзеге асыру;

2) «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

3) «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы қаланың коммуналдық тұрғын үй қорын түгендеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

5) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсету;

6) қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

7) «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

8) тұрғын үй комиссияларының отырыстарында қарау үшін құжаттар дайындау, тұрғын үй комиссиялары шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу және белгіленген тәртіппен беру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.