Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 18-03/179 Бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С.Хасенов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.