(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨМІРЗАҚ АУЫЛЫНЫҢ БЮДЖЕТ...

2019-2021 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 21/239 шешімі

(2019.27.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019.27.03. № 24/263 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.27.05. № 26/279 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2019-2021 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1)кірістер - 312 611 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 108 360 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 137 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 0 теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 204 114 мың теңге;

2)шығындар - 327 243,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 14 632,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 14 632,3 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 14 632,3 мың теңге.

2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы - Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.