Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 «Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 216 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26946 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 216 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 21 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі
| Ақжайық ауданы | |
| 1 | «Ақжол» оқшау су құбыры |
| 2 | «Ақсуат» оқшау су құбыры |
| 3 | «Алғабас» оқшау су құбыры |
| 4 | «Алмалы» оқшау су құбыры |
| 5 | «Атамекен» оқшау су құбыры |
| 6 | «Базаршолан» оқшау су құбыры |
| 7 | «Базартөбе» оқшау су құбыры |