Инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 895 Қаулысы
(2026.26.02. берілген өзгерістермен)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
ҚР Үкіметінің 2026.26.02. № 124 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 895 қаулысымен
бекітілген