«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 11 қарашадағы № 514 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 11 қарашадағы № 514 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35344 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) қаржыландырудың сұралатын сомасының негізділігін бағалау бойынша сарапшы - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралып отырған қаржыландыру көлемінің (құнының) негізділігін бағалау үшін тартылатын және осы бағалау бойынша қорытынды беретін жеке тұлға;»;

7-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін өтініш беруші сұрататын қаржыландыру көлемінің (құнының) негізділігін бағалау;

7) зияткерлік қызмет нәтижелерін, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару перспективаларын, сұратылатын қаржыландыру көлемінің (құнының) экономикалық негізділігін қоса алғанда, ҒҒТҚН-ны іс жүзінде қолдануға бағытталған болжамды жұмысты бағалау болып табылатын құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді.»;

13-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.