Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 121 бұйрығы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.