«Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 351 бұйрығы
(2020.22.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 156-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.22.10. № 266 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12660 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістерді енгізуді:
Келтірілген бұйрықпен бекітілген Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларында:
3-тармақ келесі редакцияда келтірілсін:
«3. Тіркеу шифрін беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияда (бұдан әрі - бассейндік инспекция) тіркелуі тиіс.
Бассейндік инспекцияның бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.»;
6-тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда келтірілсін:
«12) бөгеттегі ықтимал және туындаған авариялық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті орган мен бассейндік инспекцияны, азаматтық қорғау саласындағы органдарды, жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;»;
10-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда келтірілсін: