Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппарат басшысының 2021 жылғы 9 сәуірдегі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін қызметтердің бағасын бекіту туралы» № 158 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі аппарат басшысының 2021 жылғы 9 сәуірдегі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін қызметтердің бағасын бекіту туралы» № 158 бұйрыққа келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Г.Р. Кәрімоваға жүктелсін
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.