«Аумақтық ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдық бөліністері туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 397 бұйрығы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аумақтық ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдық бөліністері туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 115) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«115) осы бұйрыққа 115-қосымшаға сәйкес Ішкі істер департаментінің ішкі бақылау бөлімі (бөлімшесі, тобы) туралы үлгілік ереже», көрсетілген бұйрыққа 115-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.