Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жол бойы сервисін дамыту жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 281 бұйрығы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жол бойы сервисін дамыту жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Орыс тіліндегі мәтін алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | М. Қалиақпаров |
Көлік министрінің м.а.
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 281 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жол бойы сервисін дамыту
жоспары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жол бойындағы сервисті дамыту жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 12-бабы 2-тармағының 27-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.