«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 564 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 564 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есепті мемлекеттік мекемелер қазынашылық органдарынан ай сайын алады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөнінде қалыптастырылған жиынтық есептерді есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша АЖ арқылы ұсынылатын бюджеттік есептілік құрамында жібереді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тоқсан сайын қазынашылық органдарынан есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша № 4-20 нысаны бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есепті алады, оны қолмен және елтаңбалы мөр бедерімен растайды және оны есеп құрамында бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға береді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.