«Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 783 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35085 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.