Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң борыштары бойынша есептеме жүргiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1714 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң орындалған жұмыстар, кәсiпорындар мен ұйымдардан алған материалдық құндылықтар үшiн жинақталып қалған берешегiн өтеу, сондай-ақ Шекара әскерлерiн материалдық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік салық комитетi республикалық бюджет пен қосымшаға сәйкес алынған материалдық құндылықтар мен көрсетiлген қызметтер үшiн несиелiк берешегiн өтеуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң қаржыландыру есебiне республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегi бар кәсiпорындар мен ұйымдардың арасындағы 591352 мың (бес жүз тоқсан бiр миллион үш жүз елу екi мың) сома берешекке есептеме жүргiзсiн.
2. Есептеме аталған сомаларды 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы-бақылау комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiне берiлген материалдық құндылықтардың толықтығы мен сапасына, сондай-ақ бағалардың негiздiлiгiне бақылау орнатсын.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
Үкіметінiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1714 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара күзетi
жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң несиелiк берешегiн
өтеу есебiне қабылданған кәсiпорындардың, ұйымдар
мен олардың республикалық бюджетке салықтық төлемдерiнiң
ТIЗБЕСI
(мың теңгеде)
____________________________________________________________________
Ұйымдардың атауы |Есептемеге|Оның iшiнде төлем түрлерi бойынша
мен |қабылдан. |_____________________________________
кәсiпорындардың |ған сома, |Қосылған |заңды |Экономиканы
|барлығы |құнға |тұлғалардан| жаңғырту
| |салынатын |алынатын |қоры
| |салық |табыс |
| | |салығы |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
____________________________________________________________________
1. "Келет" шағын
жеке меншiк
кәсiпорны,
Алматы қаласы 13760 4800 8960
2. "Казкоммунэнер.
гомонтаж" жабық
үлгiдегi акционерлік
қоғамы, Алматы
қаласы 2578 2578
3. "Сұңқар"
өндiрiстiк-
коммерциялық
компаниясы
акционерлік
қоғамы, Алматы қаласы 9000 9000
4. "Мерей"акционерлік
қоғамы, Алматы қаласы 18546 18546
5. Павлодар картон-
рубероид заводы,
Павлодар қаласы 8000 8000
6. "Промсельхозпродук.
ция" жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi,
Алматы қаласы 1220 1220
7. "Алматы ауыл машина
жасау заводы"
акционерлік қоғамы,
Алматы қаласы 250000 110762 139238
8. "Промдорстрой"
акционерлік қоғамының
№ 2 жол көпiр құрылысы
басқармасы, Алматы
қаласы 5968 4143 1825
9. Киров атындағы
завод, Алматы қаласы 9000 9000
10. "Авиациялық-
техникалық орталық 405"
акционерлік қоғамы,
Алматы қаласы 9500 9500
11. "Баспагер"
акционерлік қоғамы,
Алматы қаласы 980 980
12."Үлбiметаллургия
заводы" ашық түрдегi
акционерлік қоғамы,
Өскемен қаласы 200000 169700 30300
13. "Алматы Поршень
заводы" акционерлік
қоғамы, Алматы қаласы 62800 59600 3200
Барлығы 591352 229149 331903 30300