«1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі № 876 қаулысы

«1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан
Республикасының Президенті Әкімшілігінің бағдарламалары мен
кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі № 876 қаулысы

«1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі № 703 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша):

1998 жылдың 14 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Әкімшіліктің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;

бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                                          Қазақстан Республикасы

                                          Үкіметінің 1998 жылғы

                                          11 қыркүйектегі

                                          № 876 қаулысымен

                                          бекітілген

 

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының

тізбесі

 

 __________________________________________________________________________
|№ |          Атауы                    |  1998 жылғы  |  1999 жылға
|  |                                   | қаржыландыру |   арналған
|  |                                   |    нысаны    | қаржыландыру
|  |                                   |              |    нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет |              |
|  |көрсетулер                         |              |
|  |Республикалық деңгейдегі әкімшілік |              |
|  |шығыстар                           |Ұстауға       | Ұстауға
|  | Орталық органның аппараты         |              |
|  |Республикалық деңгейде орындалатын | Бұл да       |Көрсетілген
|  |мемлекеттік тапсырыстар            |              |қызметтер үшін
|  |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет |              |
|  |көрсету функцияларын орындау үшін  |              |
|  |кадрларды қайта даярлау            |              |
|  |Мемлекеттік қызмет көрсетудің      |              |
|  |функцияларын орындау үшін жоғары   |              |
|  |оқу орындарында кадрларды даярлау  |              |
|  |Ғимараттарды күту және қызметкер-  |              |
|  |лердің қызметін қамтамасыз ету     |              |
|__|___________________________________|______________|____________________