«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 997 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 997 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақтың 2-ші абзацындағы «сатып алуға» деген сөзден кейінгі «және» деген жалғаулық үтірмен ауыстырылсын;

осындағы «қызметтік үйлер мен үй-жайларға күрделі жөндеу жүргізуге» деген сөздерден кейін»(Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінен басқа)»деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі