«Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту және 1999 жылдың мемлекеттік бюджетiнiң кiрiс бөлiгiн арттыру жөнiндегі шаралар туралы» өкімін iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 1999.07.19. № 997 Қаулысымен; 1999.19.11. № 1753 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

кеңсе жиhаздарын «қымбат тұратындар» айқындамасына жатқызу жөнiнде өлшемдер белгiлесiн;

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап автокөлiк құралдарын, қымбат тұратын кеңсе жиhаздарын сатып алуға, бұрын жүргiзiлген жөндеу бойынша кредиторлық берешектердi (1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша) өтеудi қоспағанда, қызметтiк үйлер мен үй-жайларға күрделi жөндеу жүргiзуге (Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінен басқа) арналған шығыстарды қаржыландыруды тоқтатсын;

белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына мемлекеттік органдарды ақпараттандыруға арналған шығыстарды оңтайландыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;

байланыс қызметiн көрсетулерге ақы төлеуге арналған қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды күшейтсiн;

1999 жылдың 25 ақпанына дейiн мерзiмде, белгiленген тәртiппен, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен төленетiн белгiленген айлық лимиттiң шегiнде ұялы жүйе телефондары мен ұтқыр байланыстың басқа да құралдарын пайдалануға рұқсат берiлетiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп бермейтiн мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының тiзiмiн белгiлеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын енгiзсiн.

2. Орталық атқарушы органдар мен ведомстволар 1999 жылдың 22 ақпанынан бастап бюджеттік қаражатты олардың басшыларының ұялы телефондар мен Үкiметтiк байланысты пайдаланғаны үшiн ақы төлеуге жұмсауды тоқтатсын.

3. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бағдарламалардың әкiмшiлiктерi Қазақстан Республикасының Yкіметіне қызметтiк үйлер мен үй-жайларға жүргiзiлген күрделi жөндеудiң 1999 жылдың 1 ақпанындағы жай-күйi туралы ақпарат ұсынсын.

4. Мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ресми делегациялар залдары мен «VIР» залдарын пайдаланғаны үшiн шығыстарды өтеуiне тиым салынсын.

5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік кiрiс министрлігімен бiрлесiп, белгіленген тәртiппен, бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Yкіметіне Қазақстан Республикасы Президентінің аталған өкімінiң 4-тармағын орындау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi, республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органдар үстiмiздегi жылдың 1 наурызына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

мемлекеттік органдардың Астана қаласына орналасуының нәтижесiнде босаған қызметтiк үйлер мен үй-жайлар туралы, сондай-ақ бұрын басшы қызметтер атқарған мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк пайдалануында болған мемлекеттік саяжайлар мен коттедждер туралы:

1) аталған алаңдардың кiмнiң қарауында екендiгiн;

2) оларды кiм және қандай шарттармен пайдаланатындығын көрсете отырып ақпарат;

республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттің үлестiк қатысы бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әкiмшiлiк шығыстарын қысқарту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мүдделi министрлiктермен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен, бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі қарауына бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасы Президентінің аталған өкіміне сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.

8. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ұялы байланысты пайдалануының тәртібі туралы 1998 жылғы 10 тамыздағы № 757 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

    

 Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі