«Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қазандағы № 1545 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құру туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қазандағы № 1545 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Мемлекеттік қызметшiлерге қазақ тілін интенсивтi оқыту жүйесiн құру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорындар туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Республикалық мемлекеттік тiлдi жеделдетiп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы мемлекеттік қызметшiлерге қазақ тілін интенсивтi оқытуға барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ оны оқу-әдiстемелiк және ғылыми қамтамасыз ету болып белгіленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және белгiленген тәртiппен мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы