Мемлекеттік кепілдіктер берудің тәртібі туралы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 1 тамыздағы № 195 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік кепiлдiктер берудiң тәртібі туралы нұсқаулық Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінiң  1995
жылғы 1 тамыздағы № 195 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2005 ж. 3 маусымдағы № 211 Бұйрығымен күші жойылды

 

                                       Қазақстан Республикасының

                                       Қаржы министрлігі бойынша

                                       1995 жылғы 1 тамыздағы

                                       № 195 бұйрығымен бекітілдi

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1. Мемлекеттік кепiлдiктер берудiң осы тәртібі "Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк капиталды тарту саласында мемлекеттік басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қаңтардағы № 2035 Жарлығын орындау мақсатында қабылданған "Қазақстан Республикасына шетелдiк несиелердi тарту жөніндегі жұмысты тәртiпке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 ақпандағы № 139 Қаулысына сәйкес жасалды.

2. Мемлекеттік кепiлдiк - займ алушы-Қазақстан Республикасының резидентi шетелдiк кредитор алдындағы несиелiк мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда оларды өтеуге Қазақстан Республикасының атынан берiлген мiндеттеме.

2. МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕРДIҢ НЫСАНЫ

 

3. Мемлекеттік кепiлдiк шетелдiк кредиторға несиеге қызмет көрсетуге өкiлеттiгi бар банк арқылы берiледi.

4. Қазақстан Республикасының атынан берiлетiн мемлекеттік кепiлдiк жазбаша нысанда уағдаласушы тараптар қабылдаған тiлде бiр дана болып жасалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.