Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы
№ 211 Бұйрығы
"Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 77-ө өкімін iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбір бұйрықтарының күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қаржы министрiнің
2005 жылғы 3 маусымдағы
№ 211 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбір бұйрықтарының тiзбесi
1.Мемлекеттік кепiлдiктер берудiң тәртібі туралы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң 1995 жылғы 1 тамыз № 195 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде 1996 жылғы 5 наурызды № 155 тiркелген).
2. "Қаржы жоспарын және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөніндегі Нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы № 130 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде 1996 жылғы маусымда № 17 тiркелген).
3. "Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн орналастыруға лицензия алудың конкурстық шарттарын" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1997 жылғы 12 тамыздағы № 153 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде 1997 жылғы 4 қыркүйекте № 360 тiркелген).