Этил спирті мен арақ импортының көлемін орналастыруға лицензия алудың конкурстың шарттары Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі 1997 жылғы 12 тамыздағы № 153 бұйрығы (күші жойылды)

Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн орналастыруға лицензия
алудың конкурстың шарттары Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда министрлігі 1997 жылғы 12 тамыздағы № 153  бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2005 ж. 3 маусымдағы № 211 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен арақтың импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысының орындалуы үшiн бұйырамын:

Өтiнiм берушiлер арасында "Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн орналастыруға лицензия алудың келесi конкурстың шарттары бекітілсiн:

1) Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн алудағы конкурсқа экономика және Сауда министрлігінiң этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң импортын лицензиялау жөніндегі комиссиясына (бұдан былай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысымен айқындалған құжаттардың толық пакетiн тапсырған барлық өтiнiм берушiлер тең құқымен қатыса алады.

Этил спиртi импортының конкурсына тек, алкоголь өнiмдерi өндiрiсiне лицензия тапсырған өтiнiм берушiлер қатысады.

2) Комиссия бекітілген импорт көлемiн (санымен алғандағы) және аталмыш импорт көлемiн орналастыруға арналған конкурстың өткiзілуi мерзiмiн көрсете отырып, конкурстың өткiзiлуi мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар конкурстың басталу мерзiмiнен 15 күн бұрын берiледi.

3) Конкурстың әрбiр қатысушысы жарияланған конкурсқа бiр ұсыныс бере алады.

4) Конкурсқа қатысушы құжаттарды дайындап ұсынуға кететiн шығындардың барлығын өзi көтередi.

5) Комиссия лицензия алуға ұсынылған құжаттарды тоқсанның алғашқы он күнi iшiнде қабылдайды.

Аталмыш мерзiмнен кейiн берiлген арыздар жалпы негiзде, келесi тоқсанның бiрiншi он күндiгiнде кезектi қарауға қабылданады.

Конкурсқа қатысып, одан өте алмаған өтiнiм берушiлер келесi конкурстарға қатысу үшiн қата арыз бере алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.