Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға «Кiрпi» арнайы құрылғысын қолдану тәртібінiң нұсқамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі 1996 жылғы 13 тамыздағы № 265 бұйрығы
(2009.09.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен күші жойылды
Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. 1996 жылдың 1-шi тамызынан бастап көлiк құралдарын ерiксiз тоқтататын «Кiрпi» арнайы құрылғысын қолдану тәртібінiң нұсқамасы iске асырылсын және бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
ҚР Ішкі Істер министрінің 2009.09.01. № 7 Бұйрығымен 2-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) аталған Нұсқаманы ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін ұйымдастырып, сынақтар қабылдай отырып, практикалық сабақтар өткізілсін;
2) белгіленген тиесілік нормаларына сәйкес «Кірпі» арнайы құрылғысын сатып алуды қамтамасыз етсін;
3. ҚР Ішкі Істер министрінің 2009.09.01. № 7 Бұйрығымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Ішкі Істер министрінің 2009.09.01. № 7 Бұйрығымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 1983 жылғы 31 мамырдағы ССРО IIМ-нiң № 0146 "Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға арналған «Кiрпi» арнайы құрылғысын қолдану тәртібі туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрi
iшкi әскерлер қолбасшысы
генерал-лейтенант
1996 жылғы 13 тамыздағы
№ 265 бұйрығына қосымша
КЕЛIСIЛГЕН