«Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарын бейбiт және соғыс уақытында пайдалану жөніндегі ңұсқаулықты» бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 18 мамырдағы № 121 бұйрығы (күші жойылды)

«Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарын бейбiт және соғыс уақытында пайдалану жөніндегі ңұсқаулықты» бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 18 мамырдағы № 121 бұйрығы

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 332 бұйрығымен күші жойылды

 

«Нормативтiк құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-1 ҚРЗ Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысымен бекітілген, «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiретiн және кiрмейтiн орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу ережелерiне», Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген № 122 қаулысына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоса берiлiп отырған «Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарын бейбiт және соғыс уақытында пайдалану жөніндегі нұсқаулық» бекітілсiн.

2. Осы бұйрық мемлекеттiң тiркеуден өткiзiлген күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.

Төраға

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

Азаматтық қорғаныс

пен әскери бөлімдер департаменті

 

ҚР ТЖ жөніндегі Агенттігінің

2000 жылғы 18 мамыр № 121

бұйрығымен бекітілген


Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарын бейбіт
және соғыс уақытында пайдалану жөніндегі
Нұсқаулық


1. Жалпы нұсқаулар

 

1. Қорғану ғимараттары бейбiт уақытта экономика объектiлерi мен халыққа қызмет ету мүдделерiне пайдалануға тиiс және оларды паналаушыларды уақытында қабылдайтындай жұмыс жағдайына келтiре алатын күйде ұстау қажет.

Қорғану ғимараттарын бейбiт уақытта пайдалану кезiнде бөлмелердiң жарамдылығын белгiленген уақытта қорғану ғимараттары тәртібіне ауыстыруды және соғыс уақытында адамдардың қорғану ғимараттарында болуына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн барлық талаптар орындалуға тиiс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.