Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі
үйлестiру кеңесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1995 ж. 5 тамыздағы № 1084 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.07.98 ж. № 647; 20.05.03 ж. № 468
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 922 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы ред. қара
СПИД жөніндегі эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты және республикада ВИЧ-инфекциясының одан әрi таратылуын болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі үйлестiру кеңесi құрылсын.
ҚР Үкіметінің 07.07.98 ж. № 647 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар бекітілсiн:
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже;
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі үйлестiру кеңесiнiң құрамы (қоса берiлiп отыр).
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, республикада СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
10 миллион (он миллион) теңге сомасына диагностикалық тест-жүйелерi мен жабдықтар сатып алу үшiн қаржыландыру көздерiн iздестiрсiн;
1996 жылға арналған республика бюджетiнiң жобасын қалыптастыру кезiнде СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражатты қарастырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 5 тамыздағы
№ 1084 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 468 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі үйлестiру
кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының аумағында АҚТҚ инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі iс-шараларды жүргiзуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
2. Кеңестiң құрамына мүдделi орталық атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Кеңестің негізгi мiндеттерi мен функциялары
4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
1) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерiне қатысты бөлiгiнде заңнамалық және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру;
2) АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргiзу мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру мен халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
3) АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
5. Кеңестiң негiзгi функциялары мыналар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру;
2) халықаралық және басқа да ұйымдармен АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаның (бұдан әрi - Бағдарлама) iске асырылуын қамтамасыз ету;
4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың АҚТБ/ЖҚТБ-ның алдың алу жөніндегі тиiмдi iс-шараларды қамтамасыз етуi.
6. Кеңес өз мiндеттерiн iске асыру мен функцияларын жүзеге асыру үшiн:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыруға қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға;
2) Кеңестiң отырыстарында Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша орталық және жергілiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
3) Кеңестiң құзыретiне жататын өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бap.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
7. Кеңестi оның қызметiне басшылық ететiн, отырыстарда төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын және Кеңес шешiмдерiнiң iске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады.
8. Кеңестiң хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, оны өткізу үшін қажеттi құжаттар мен материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
9. Кеңестiң отырыстары хаттамалармен ресiмделедi.
10. Шешiмдер ашық дауысқа салумен қабылданады және егер олар үшiн Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусы берiлген болса, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
11. Кеңестiң отырыстары жылына кемiнде екi рет өткiзiледi.
12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады.
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 5 тамыздағы
№ 1084 қаулысымен
Бекiтiлген
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі
үйлестiру кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (төрағасы)Дерновой А.Г. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Бас Мемлекеттік санитарлық дәрiгер (төрағаның орынбасары)Сапарбеков М.К. - СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі Республикалық орталығы Бас директорының орынбасары (хатшы)Әкiмбеков Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің орынбасарыБеркiмбаева Ш.К. - Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасарыДәненов Н.Ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы Iстер министрінің бiрiншi орынбасарыЕсмұханов Ғ.Е. - Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі жанындағы Көшi-қон департаментiнiң төрағасыКөпiшев Ә.С. - "Қазақстанның теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының президентiКлебанов Я.А. - СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі Республикалық орталығының Бас директорыҚалижанов У.Қ. - Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасарыҚұсымжанов М.Қ. - Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрінің орынбасарыЛебеденко Л.Ю. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының Iшкi саясат бөлiмiнiң консультантыКим А.Г. - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрінің орынбасарыПанов Ю.В. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрінің орынбасарыСүлейменов Н.И. - Алматы қаласы әкімінiң орынбасарыТоқсейiтов Р.Қ. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары