Қоғамдық бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қоғамдық бiрлестiктер туралы

(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер

2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы

3-бап. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама

4-бап. Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер

5-бап. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi

6-бап. Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi

7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң мәртебесi

7-1-бап. Этномәдени бірлестіктер

8-бап. Қоғамдық бiрлестiктер одақтары (қауымдастықтары)

9-бап. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi

2-тарау. Қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату

10-бап. Қоғамдық бiрлестiктi құру

11-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу)

12-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы

13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу

14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу

15-бап. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмiндегi үзiлiс

16-бап. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту

17-бап. Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату

18-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң рәмiзi

3-тарау. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. Қоғамдық бiрлестiктiң меншiгi

19-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi

20-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметi

21-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi

4-тарау. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

22-бап. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

23-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру

5-тарау. Қорытынды ережелер

24-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары

 

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдар», «қоғамдық бірлестіктер туралы заңдары», «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды», «заң актілерінен», «заң актілерімен», «заңнамалық актілерімен», «Заң актілерінде», «заң актілері», «заң актілеріне», «заңнамалық актілерінде», «заң актілерінде» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама», «қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы», «заңдардан», «заңдарда», «заңдарымен», «Заңдарда», «заңдары», «заңдарына», «заңдарында», «заңдарда» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

 

Бiрлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бiрi болып табылады, оның iске асырылуы қоғам мүдделерiне сай келедi және мемлекеттiң қорғауында болады.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелерi

1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер

Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы

Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар, этномәдени қоғамдық бірлестіктер және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

 

2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-бап өзгертілді

3-бап. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама

Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заңдардан тұрады.

Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртібі мен қызметi өзге заңдарда белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың, ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестіктер түрлерінің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелуі мүмкін. Аталған қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелмеген қызметі осы Заңмен регламенттеледі.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР 2001 ж. 16 қаңтардағы № 142-II Заңын қараңыз

 

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 4-бап өзгертілді

4-бап. Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер

Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берiлмейдi.

Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келісімдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.

Қоғамдық бірлестіктер аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы қолданылады.

Заңдарда көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттік органдар шешуi мүмкiн.

 

ҚР 2005.23.02. № 33-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 5-бап өзгертілді

5-бап. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi

Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылыққа қатысу; мәдениет-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық, құқықтық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастық кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi.

Экстремистiк мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрілген құралымдарды құруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендiрiлген құрылымы, түрi, арнаулы айырым белгiлерi, гимндерi, жалаулары, вымпельдерi, iшкi тәртiп пен басқарудың ерекше ережелерi, қаруы, соның iшiнде қару iспеттес заттары бар әскерилендiрiлген құрамалар үлгiсіндегі қоғамдық бiрлестiктер құруға тыйым салынады.

Басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi саяси партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi.

Азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтіретін қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ тiркелмеген қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi.

 

6-бап. Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi

Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заңдары шеңберiнде жүзеге асырады.

Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi.

Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу) туралы көрсетудi талап етуге жол берiлмейдi.

2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң мәртебесi

Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер республикалық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер аймақтық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.

Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерге астана, бір облыс және республикалық маңызы бар қала шегiнде жұмыс iстейтiн бiрлестiктер жатады.

Республикалық және аймақтық қоғамдық бiрлестiктер өз мәртебесiн растау үшiн тiркелген күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн осы бiрлестiктi тiркеген органға құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-1-бап. Этномәдени бірлестіктер

1. Этномәдени бірлестік деп Қазақстан этностарының дәстүрін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту саласындағы азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында қоғамдық бірлестіктің, қоғамдық қордың, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым танылады.

2. Этномәдени бірлестіктің атауында «этномәдени бірлестік» деген сөздер қамтылуға тиіс, оларды этномәдени бірлестіктің атауында ғана пайдалануға жол беріледі.

Этномәдени бірлестіктің толық және қысқартылған атауы және оның нышандары Қазақстан Республикасында тіркелген мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға байланысты таратылған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің атауы мен нышандарын толық немесе елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.

3. Этномәдени бірлестіктер жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастық, этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

4. Этномәдени бірлестіктер өз мақсаттарына жету үшін коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында құрылатын достық үйлерімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

8-бап. Қоғамдық бiрлестiктер одақтары (қауымдастықтары)

Белгiленген тәртiппен құрылған және тiркелген қоғамдық бiрлестiктер, түрiне қарамастан, одақтар (қауымдастықтар) қабылдаған құрылтай шарттары мен жарғылары негiзiнде жаңа заңды тұлға жасай отырып, қоғамдық бiрлестiктер одақтарын (қауымдастықтарын) құруға, сондай-ақ халықаралық одақтарға (қауымдастықтарға) қатысушы болуға құқылы.

Қоғамдық бiрлестiктер, соның iшiнде халықаралық бiрлестiктер одақтарының (қауымдастықтарының) қызметi мен мемлекеттік тiркелу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

9-бап. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi

Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) құрылып, жұмыс iстей алады.

Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, сол бiрлестiктердiң жарғыларын басшылыққа алады.

2-тарау. Қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату

 

2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді

10-бап. Қоғамдық бірлестікті құру

Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде үш адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.

Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.

Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары - жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.

Кәсіптік одақ кәсіптік одақтың құрылтайшысы болып табылуы мүмкін.

Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды тұлға ретiндегi құқықтық қабiлеттiлiгi ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша тiркелген кезден бастап пайда болады.

 

2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 11-бап өзгертілді

11-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу)

Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа, қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында оларға шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн.

Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтардың мүшелері (қатысушылары) болып табылуы мүмкін.

Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Өзге де қоғамдық жастар және балалар бiрлестiктерi мүшелерiнiң жас шамасы солардың жарғыларымен (ережелерiмен) белгiленедi.

Мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережелерi мен тәртібі қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларымен белгiленедi.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағалары мен судьяларының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелерінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.

Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде аталған адамдар тағайындалған, сайланған, қызметке кірген күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан, кәсіптік одақтардан шығуға міндетті.

Әскери қызметке қабылданған немесе құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген жағдайда саяси партияға, кәсіптік одақтарға мүшелік автоматты түрде тоқтатылады.

 

12-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы

Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында мыналар көзделуге тиiс:

1) қоғамдық бiрлестiктiң атауы, қызметiнiң мәнi мен мақсаттары;

2) қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу), мүшелiкке ие болу және одан айырылу ережесi мен тәртібі, мүшелерiнiң (қатысушылардың) құқықтары мен мiндеттерi;

3) қоғамдық бiрлестiктiң ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлiмшелердiң (филиалдар мен өкiлдiктердiң) құқықтық жағдайы және шегiнде өз қызметiн жүзеге асыратын аумақ;

4) басшы органдарды құру тәртібі, олардың құзыретi мен өкiлеттiк мерзiмдерi, қоғамдық бiрлестiктiң тұрақты жұмыс iстейтiн басшы органы орналасқан орын;

5) қоғамдық бiрлестiктiң ақша қаражаты мен өзге де мүлкiнiң қалыптастырылу көздерi, қоғамдық бiрлестiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) мүлiктi басқару жөніндегі құқықтары;

6) қоғамдық бiрлестiктiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

7) қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі, қоғамдық бiрлестiк таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры.

Жарғыда қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне қатысты, Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердiң көзделуi мүмкiн.

Жарғы қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы - съездiң (конференцияның, жиналыстың) құзыретiне ғана жатады.

ҚР 23.03.00 ж. № 39-II; 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу

Республикалық, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердi, шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) мемлекеттік тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.

Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттік тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.

Қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттік тiркеу мен қайта тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүргiзiледi.

Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу үшiн ол құрылған күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға өтiнiш берiледi. Өтiнiшке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бiрлестiктi құру бастамашылары туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткiзгенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу туралы өтiнiш беру үшiн белгiленiп, дәлелдi себептермен өткiзiп алынған мерзiмдi тiркеудi жүзеге асыратын орган қалпына келтiредi.

Заңдарда көзделген реттерде қоғамдық бiрлестiк қайта тiркелуге тиiс.

Қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу және қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткiзгенi үшiн алым алынады.

14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу

Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) есептiк тiркелуге тиiс.

Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүргiзедi.

Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу аумақтық әдiлет органдарында жүргiзiледi.

Есептiк тiркеуден өту тәртібі мен мерзiмдерi заңды тұлғаларды тiркеу туралы заңдармен реттеледi.

15-бап. Мемлекеттік тiркеу мерзiміндегі үзiлiс

Мемлекеттік тiркеу мерзiмiнде құрылтай құжаттарына сараптама жүргiзiлген, саяси партиялар мүшелерiнiң тiзiмдерi тексерiлген жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарына көрсетiлген негiздер бойынша үзiлiс жасалады.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

16-бап. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту

Қоғамдық бiрлестiктi, оның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) тiркеуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.

 

17-бап. Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату

Қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру оның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қоғамдық бiрлестiк органының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Қоғамдық бiрлестiктi тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

2005.08.07 № 67-III   ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

18-бап.  Қоғамдық бiрлестiктiң рәмiзi

Қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өз рәмiзi (жалауы, гимнi, эмблемасы, вымпелдерi, омырау белгiлерi) болуы мүмкiн.

Қоғамдық бiрлестiктердiң толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң, мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған қоғамдық ұйымдардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгін қайталамауға тиiс.

Қоғамдық бiрлестiк рәмiзінiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда бекітіледi

 

 

3-тарау. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. Қоғамдық бiрлестiктiң меншiгi

 

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді

19-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi

Қоғамдық бiрлестiктер жарғыда және Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейтiн басшы органдары арқылы құқықтарға ие болып, өздерiне мiндеттер алады.

Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

- өз қызметi туралы ақпарат таратуға;

- соттар мен басқада мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;

- бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;

- баспа қызметiн жүзеге асыруға;