Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 571 қаулысы (күші жойылды)

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жер
қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен қорғау жөніндегі
жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 7 мамырдағы № 571 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 540 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасында жер қойнауын геологиялық зерттеу мен қорғау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік зерттеудi, жоспарлауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:

1. Жер қойнауын геологиялық зерттеу мен қорғауды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру жалпы мемлекеттік маңызы бар жұмыспен және шығынмен (мемлекеттік сатып алу) шектеледi деп белгiленсiн, оларға мыналар жатқызылсын:

Жер қойнауын жалпы зерттеуге бағытталған 1:50 000 масштабты геологиялық, геофизикалық, суретке түсiру, жер сiлкiнiстерiн болжау, 1:100 000 және одан ұсақ масштабты гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық суретке түсiру және басқа жұмыстарды қоса алғанда, аймақтық геологиялық-геофизикалық зерттеулер;

жер қойнауының және жердi пайдаланудың мониторингiн жасау және жүргiзу;

жалпы мемлекеттік сипаттағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық, тақырыптық жұмыстар, сондай-ақ жердi пайдаланудың нормативтiк-құқықтық базасын жасауға байланысты жұмыстар;

жалпы мемлекеттік маңызы бар пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бiр жолғы мемлекеттік сыйақы төлеу;

жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі қатынастарды мемлекеттік басқару мен реттеу функцияларын орындауға байланысты жұмыстар жөнiнде жер қойнауын қорғау мен пайдаланудың аумақтық басқармаларын, Қазақстан республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жанындағы Қорлар жөніндегі мемлекеттік комитетi және "Қазмемжерқойнауы" минералды ресурстар бас басқармасын ұстау.

1-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.08.15. № 1015 қаулысымен.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) қалыптастыру мен орындау осы қаулыда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын iздестiрулер, iздестiру-бағалау жұмыстары, (алдын ала, егжей-тегжейлi), жете барлау, одан кейiнгi барлық жұмыстар тек жер қойнауын пайдаланушылар есебiнен қаржыландырылады.

4. Мемлекеттік маңызы бар iздестiру, iздестiру-бағалау жұмыстарын, пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және өнеркәсiптiк игеруге дайындау, сондай-ақ басқа да жұмыс түрлерiн республикалық бюджет шығындарын кейiннен жер қойнауын пайдаланушылар есебiнен өтелетiн етiп тек Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арнаулы шешiмдерi негiзiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға рұқсат етiлсiн.

5. Осы қаулының 1-тармағында көзделмеген iздестiру, iздестiру-бағалау және барлау жұмыстары, басқа да жұмыстар жобалық қаржыландыру негiзiнде жұмыстарды одан әрi жалғастыру үшiн оларды конкурстық негiзде жер қойнауын пайдаланушыларға беруге дейiнгi орындалған сатысында аяқталсын.

6. Жер қойнауын геологиялық зерттеу мен қорғау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік реттеу үшiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі, Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі жауапты деп белгiленiп, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне:

Мүдделi министрлiктердiң мемлекеттік комитеттердiң өзге де орталық атқарушы органдардың ұсыныстары мен келісімдерi негiзiнде осы қаулының 1-тармағында көзделген жұмыстар бойынша құрылымдар мен көлемдердi дайындау және негiздеу;

осы қаулының 1-тармағында көзделген жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) кәсiпорындар мен компаниялар арасындағы конкурс шарттарына сәйкес орналастыру жолымен орындауды, сөйтiп тиiсiнше қабылдап алуды, орындалуына баға берудi және төлем жасауды қамтамасыз ету жүктелсiн.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жер қойнауын пайдаланушылармен контракттар жасасатын және орындайтын құзырлы органдары, тау-кен өндiрушiлер мен мұнай-газ өндiрушi компаниялар мен кәсiпорындар:

геологиялық ұйымдармен минералдық-шикiзат базасын қайта жаңғыртуға және дамытуға бағытталған iздестiру мен барлау жұмыстарын жүргiзуге арналған тiкелей шарт жасауды қамтамасыз етсiн;

Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен бiрлесiп геология ұйымдарын тау-кен өндiретiн және мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындардың құрамына кiргiзу, сондай-ақ оларды геологиялық-өндiру кәсiпорындары етiп қайта құру жолымен минералдық шикiзат өндiретiн және ұқсататын сабақтас саламен бiрiктiретiн болсын.

8. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, басқа да орталық атқарушы органдары осы қаулыға қайшы келетiн нормативтiк актiлердi қайта қарасын және күшiн жоятын болсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi