Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 571 және 1996 жылғы 15 тамыздағы № 1015 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 540 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 571 және 1996
жылғы 15 тамыздағы № 1015 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 540 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) "Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 571 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 19, 170-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 571 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 тамыздағы № 1015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 34, 320-құжат).

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов