«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер, толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 520 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер
толықтырулар енгізу және күшi жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегі № 520 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2369 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне қоса берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қосымшаға сәйкес кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1996 жылғы 29 сәуірдегі

№ 520 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне

енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар

 

1. ҚРҮ-нiң 1996.14.11. № 1385 қаулысымен күші жойылды

2. ҚРҮ-нiң 1996.03.10. № 1412 қаулысымен күші жойылды

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 1225 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 47, 576-құжат):

6-тармақ мынадай мазмұндағы «щ)» тармақшасымен толықтырылсын:

«щ) кеден iсiнiң мiндеттерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен «Қазақстан Республикасының кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес өзара iс-қимыл жасайды».

4. ҚРҮ-нiң 1997.20.05. № 851 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1996 жылғы 29 сәуірдегі

№ 520 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң

Тiзбесi

 

1. «Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттерi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы № 906 қаулысының 4, 5, 6, 7-тармақтары.

2. «Қазақстан Республикасында кедендiк бақылауды онан әрi ұйымдастыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 50, 724-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас кеден басқармасының орталық аппаратының штат санын көбейту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 ақпандағы № 131 қаулысы.

4. «Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 қыркүйектегi № 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 39, 430-құжат).

5. «Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу тәртібі туралы ережеге өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 625 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 188-құжат).