3. Қызметтiк туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз атауын көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.
4. 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Қызмет бабындағы мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындау тәртібімен энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, ғылыми еңбектердiң мерзiмдi және жалғастырыла беретiн жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды (осы Заңның 11-бабының 2-тармағы) жасауға бұл баптың ережелерi қолданылмайды.
15-бап. Мүлiктiк емес жеке құқықтар
1. Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары болады:
1) туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның iшiнде, егер iс жүзiнде мүмкiн болса, туынды кез келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есiмiнiң орнына лақап есiмiн (бүркеншiк есiмiн) көрсету және соны талап ету немесе есiмiн көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу құқығы);
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғылмаушылық құқығы, туындыны кез-келген жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың абыройына немесе беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы).
2. Бұрын қабылданған шешiмнен пайдаланушыға келтiрiлген зиян, соның iшiнде оның айрылып, қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешiмнен бас тартуға құқығы бар (керi қайтарып алу құқығы). Егер туынды жарияланып кеткен болса, автор оны керi қайтарып алатыны туралы жария түрде хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте ол туындының бұрын дайындалған даналарын өз есебiнен қайтып алуға құқылы.
Қызметтiк туындыларды жасаған кезде бұл тармақтың ережелерi қолданылмайды.
3. Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөніндегі айрықша құқықтарын бiреуге берген жағдайда да сақтап қалады.
4. Авторды оның осы бапта көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан айыруға болмайды.
5. Автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтары осы Заңның 30-бабында белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap.
2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын бiлдiредi:
1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық телекоммуникациялар желісінде операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);
4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);
6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);
7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);
8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы);
9) туындыны аудару (аудару құқығы);
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы);
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы);
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.
3. Егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматты айналымға түсiрiлсе, онда олардың автордың келісімiнсiз және сыйақы төлемей одан әрi таратуға жол берiледi.
Туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (және көпшiлiкке жалға беру) арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншiк құқығына қарамастан:
1) ноталық мәтiн түріндегі музыкалық туындының;
2) фонограммаға түсiрiлген туындының;
3) дыбыс-бейнежазу туындысының;
2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) дерекқордың;
2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) авторына немесе авторлық құқықты иеленушісіне тиесілі болады.
4. Сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ жобаларын пайдалануға айрықша құқықтар мұндай жобалардың нақты iске асырылуын да қамтиды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртібі авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүлiктiк құқықтарды шектеулер, егер мұндай шектеулер туындыны дұрыс пайдалануға зиян келтiрмей, автордың немесе өзге де құқық иеленушінің заңды мүдделерiне негiзсiз қысым жасамайтын болса, осы Заңның 18-26-баптарымен белгiленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері
Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшеліктеріне (жұртшылық алдында, оның ішінде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттік немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшірмелеуге және осы Заңның 26-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа да жағдайларға) байланысты мүліктік (айрықша) құқықтарды жеке тәртіппен іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, уәкілетті орган мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін белгілейді.
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасу кезінде авторлық сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін уәкілетті орган белгілеген сыйақының ең төмен мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес.
17-бап. Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану құқығы. Қадағалау құқығы
1. Бейнелеу өнерi шығармасының авторы туындының меншiк иесiнен өз туындысының көшiрмесiн жасау құқығын жүзеге асыруға мүмкiндiк беруiн талап етуге құқылы (қол жеткiзу құқығы). Бұл орайда туындыны меншiк иесiнен туындыны авторға жеткiзiп берудi талап етуге болмайды.
2. Бейнелеу өнерi туындысының түпнұсқасын жария түрде (аукцион, бейнелеу өнерiнiң галереясы, көркемдiк салоны, дүкен және сол сияқтылар арқылы) қайталап сатқан әрбiр жағдайда мұндай бейнелеу өнерi туындысын меншiктену құқығынан бiрiншi рет айырылғаннан кейiн автордың немесе оның мұрагерлерiнiң сатушыдан қайталап сату бағасының бес процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқығы бар (қадағалау құқығы). Авторды тiрi кезiнде аталған құқықтан айыруға болмайды және ол заң бойынша немесе қалдырған өсиетi бойынша авторлық құқық мерзiмiнде тек қана автордың мұрагерлерiне көшедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Бейнелеу өнерi туындысына меншiк құқығының автордан басқа тұлғаға ауысуы (өтеулi немесе өтеусiз) осы туындының бiрiншi рет иелiктен айырылуын бiлдiреді.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу
09.07.04 ж. № 586-II ҚР (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Заңды түрде жарияланған туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшiн және табыс алмай, осы Заңның 26-бабында көзделген реттердi қоспағанда, жалғыз дана етiп көшiрмелеуiне жол берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:
1) үйлер және солар сияқты ғимараттар түріндегі сәулет өнерi туындыларын көшiрмелеуге;
2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дерекқорларды немесе олардың елеулi бөлiктерiн көшiрмелеуге;
2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 24-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта шығаруға;
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) кiтаптарды (толығымен) және нота мәтiндерiн репродукциялауға (репрографиялық қайта шығаруға) қолданылмайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану
Автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайданылатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi:
1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма түрiнде ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретiнде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемiнде дәйексөз алу;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған үзiндiлерiн оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейнежазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде кіріс алмастан пайдалану;
3) ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк және дiни мәселелер бойынша газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды немесе эфирге берiлген осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн, автор тарапынан мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған жағдайларда, газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау;
4) көпшiлiк алдында сөйленген саяси сөздердi, үндеулердi, баяндамаларды және басқа осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа сай көлемде жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
5) ағымдағы оқиғалар барысында көрiнген немесе естiлген ағымдағы оқиғаларды суретке түсiру немесе кинематография құралдары, эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде шолуларда көшiрмелеу немесе көпшiлiк назарына арналған хабар. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) заңды түрде жарияланған туындыларды бедерлi-нүкте жазумен немесе зағип адамдарға арналған басқа да арнайы тәсiлдермен, осылайша көшiрмелеу үшiн арнайы жасалған туындыларды қоспағанда, пайда таппай көшiрмелеу, тарату, жалпы жұрттың назарына жеткізу, көпшілік алдында орындау.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) кітапханалардың және мұрағаттардың туындының жоғалған немесе бүлінген даналарын ауыстыру мақсатында құқыққа сыйымды жарияланған туындыларды пайда алмастан цифрлық форматқа ауыстыру арқылы туындының жалғыз данасын қайта шығаруы, сондай-ақ өздерінің қорларынан туындыны қандай да бір себептермен жоғалтқан басқа да кітапханаларға туындының даналарын беру;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының жинақтарда, газеттерде және басқа да мерзімді баспа басылымдарында құқыққа сыйымды түрде жарияланған жекелеген мақалалар мен көлемі шағын туындыларды, өзге де құқыққа сыйымды түрде жарияланған жазбаша шығармалардан қысқаша үзінділерді (иллюстрациялармен немесе иллюстрацияларсыз) кіріс алмай қайта шығаруы және олардың көшірмелерін білім алушылар мен педагогтерге емтихандар, аудиториялық сабақтар өткізу және өз бетінше дайындалу үшін осыған қажетті мөлшерде беру.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Туындыларды репродукциялау арқылы пайдалану
Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдаланылатын автордың есiмi мен қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, туындының жалғыз данасын:
1) заңды түрде жарияланған туындыны кiтапханаларда және архивтерде қалпына келтiру, жоғалып кеткен немесе бүлiнген даналарды ауыстыру, өз қорындағы туындыны белгiлi бiр себептермен жоғалтып алған басқа кiтапханаларға туындының даналарын беру үшiн;
2) кiтапханалар мен архивтердiң жинақтарда, газеттерде және басқа мерзiмдi басылымдарда заңды түрде жарияланған жеке мақалалар мен шағын көлемдi туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардан қысқаша үзiндiлердi (суретпен немесе суретсiз) жеке тұлғалардың оқып-үйрену және зерттеу мақсатындағы сауалдары бойынша;
3) жинақтарда, газеттерде және басқа да мерзiмдi басылымдарда заңды түрде жарияланған жекелеген мақалалар мен шағын көлемдi туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардың қысқаша үзiндiлерiн (суретпен немесе суретсiз) білім беру ұйымдары дәрiсханалардағы сабаққа пайдалану үшiн, пайда алмай репродукциялауына жол берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған туындыларды еркiн пайдалану
Туындыны бейнелеу қайта шығарудың, эфирге берудiң және (немесе) кәбiл бойынша жалпыжұрттың назарына хабарлаудың негiзгi объектiсi болатын немесе туындыны бейнелеу коммерциялық мақсат үшiн пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған сәулет, суретке түсiру, бейнелеу өнерi туындыларын автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және авторлық сыйақы төлемей қайта шығаруға, эфирге беруге және (немесе) кәбiл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлауға жол берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Туындыларды ресми және өзге де рәсiмдер кезiнде көпшiлiк алдында орындау
Заңды түрде жарияланған музыкалық туындыларды ресми және дiни рәсiмдер, сондай-ақ өлiктi жерлеу кезiнде көпшiлiк алдында сол рәсiмдердiң сипатына сәйкес келетiн көлемде автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және авторлық сыйақы төлемей орындауға жол берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Туындыларды сот және әкiмшiлiк мақсаттар үшiн көшiрмелеу
Туындыларды сот және әкiмшiлiк iс жүргiзу үшiн осындай мақсатқа белгiленген көлемде автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеуге жол берiледi.
2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды) және дерекқорды еркiн көшiрмелеу. Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды) қайта құрастыру
1. Компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың данасын заңды түрде иеленетiн адам автордың немесе өзге айрықша құқықтар иесiнiң рұқсатын алмай және қосымша сыйақы төлемей туындыны пайдалануға:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға) немесе дерекқорға оны пайдаланушының техникалық құралдарында жұмыс iстеу мақсатында ғана жүзеге асырылатын өзгерістердi енгiзуге, Компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың жұмыс iстеуiне қажеттi оның мақсатына сәйкес кез-келген iс-әрекеттi, соның iшiнде ЭЕМ-нiң (бiр ЭЕМ немесе жүйенi бiр пайдаланушы) зердесiне жазу мен сақтауды, сондай-ақ автормен жасалған шартта өзгеше көзделмесе, көрiнеу қателердi түзетудi жүзеге асыруға;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
2) Компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың көшiрмесiн тек қана архивтiк мақсатқа және Компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың түпнұсқасы жоғалып, жойылып кеткен немесе пайдалануға жарамай қалған жағдайларда заңды түрде алынған дананы ауыстыру үшiн ғана жасауға немесе жасауды тапсыруға құқылы. Бұл орайда компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) және дерекқордың көшiрмесiн осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетiлгеннен басқа мақсаттарға пайдалануға болмайды және компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) және дерекқордың данасын иелену заңды деп тану тоқтатылған жағдайда ол жойылуға тиiс.
2. Компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) данасын заңды түрде иеленетiн адам автордың немесе өзге де айрықша құқықтар иесiнiң келісімiнсiз және қосымша сыйақы төлемей объект кодын көшiруге және бастапқы мәтiнде өзгертуге (компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта құрастыруға) немесе, егер олар осы адамның дербес әзірлеген компьютерлік бағдарламасының (бағдарламалық қамтылымының) қайта құрастырылған бағдарламамен өзара iс-әрекет жасай алатын өзге бағдарламалармен өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне жету үшiн қажет болса, мынадай шарттарды сақтаған жағдайда ол бұл iс-әрекеттi жүзеге асыруды өзге адамдарға тапсыруға құқылы:
1) өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне жету үшiн қажеттi, бұл адам бұрын басқа деректерден ала алмаған ақпарат;
2) аталған әрекеттер компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) қайта құрастырылған, өзара iс-әрекет қабiлетiне жету үшiн қажеттi бөлiктерi жөнiнде ғана жүзеге асырылады;
3) қайта құрастыру нәтижесiнде алынған ақпаратты дербес әзірленген компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) өзге бағдарламалармен өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне қол жеткiзу үшiн ғана пайдалануға болады, дербес әзірленген компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) басқа бағдарламалармен өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне қол жеткiзу үшiн қажет болатын жағдайларды қоспағанда, оны өзге адамдарға беруге болмайды, сондай-ақ оны өзiнiң түрi жағынан қайта құрастырылатын компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға) едәуір ұқсайтын компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) әзiрлеу үшiн немесе авторлық құқықты бұзатын басқа да кез-келген әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдалануға болмайды.
3. Бұл баптың ережелерiн қолдану компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды қалыпты пайдалануға орынсыз залал келтiрмеуге тиiс және автордың немесе компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға) немесе дерекқорға айрықша құқықтың өзге де иесiнiң заңды мүдделерiне негiзсiз қысым жасамауға тиiс.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Туындыларды қысқа мерзiмге пайдалану үшiн эфирге хабар тарату ұйымдары жүзеге асыратын жазбалар
Эфирге хабар тарату ұйымы автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және қосымша сыйақы төлемей осы ұйым эфирге беруге құқық алған туындыны қысқа уақытқа пайдалану үшiн жазбасын мынадай жағдайларда:
1) жазбаны эфирге хабар тарату ұйымы өз жабдықтарының көмегiмен және өз хабарлары үшiн дайындаған;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) егер жазылған туынды авторымен немесе өзге де құқық иеленушiсiмен неғұрлым ұзақ мерзiмге келісілмесе, мұндай жазбаны ол әзiрленгеннен кейiнгi алты ай iшiнде жойылған жағдайларда жазуға болады. Егер жазбаның құжаттық мәнi ерекше болса, мұндай жазба туынды авторының немесе құқық иеленушiсiнiң келісімiнсiз-ақ ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкiн.
26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келісімiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Туынды авторының, орындаушының, дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушының және фонограмма жасаушының келісімiнсiз, бiрақ оларға сыйақы төлеп, дыбыс-бейнежазу туындысын немесе туындының дыбыстық жазбасын жеке мақсатта және табыс алмай көшiрмелеуге жол берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қайта шығару үшiн сыйақыны осындай қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердi дайындаушы немесе импорттаушы тұлғалар төлейдi.
Осындай жабдық пен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.
2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауды, бөлуді және төлеуді сараптама ұйымы жүзеге асырады.