6. Мемлекет ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк бередi.
19-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 10.10.01 ж. № 247-1; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 20-бап өзгердi; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау шаралары
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкері мен әскери қызметшісінің шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiнде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау, әскери немесе арнаулы атақ беру және лауазымдық айлықақы есептеу үшiн жеңiлдiкпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына жатқызылады.
2. Комитет Төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке және әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң өтілін еңбек сiңiрген жылдарына есептеуi мүмкiн.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық және санаториялық-курорттық қызметтi пайдаланады.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкері немесе әскери қызметшiсi қызметтiк мiндеттерiн немесе кәсiби парызын орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасының ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген шарттармен және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайлары, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, оның ішінде олардың отбасы мүшелерін қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілері дипломатиялық артықшылықтар және иммунитет мәселелерінде де Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін белгіленген арнаулы немесе әскери атағы бойынша айлықақысы, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылары және басқа да үстемеақылары, сондай-ақ құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары сақталады.
Қызметкерлері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілуі мүмкін ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің тізбесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды. Бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіппен, теңестірілген лауазымдар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен құқықтық актісімен жүзеге асырылады.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.
2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кадрларды кәсiби даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен тиiстi оқу орындары құрылады.
5 Тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
22.12.98 ж. № 327-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi, сол сияқты бұларды ұстау мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтеретін тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, оның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған қызметтiк үй-жайлармен, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiгі үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен және әкімшілік үйлердің күзетімен осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына бөлінетін бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етiледi.
3. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2. Ведомстволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына жүктеледi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметi заңдылығының сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.
26-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң 1996 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.
Осы Заңның 12-бабы 13-1) және 13-2) тармақшаларының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
28-бап. Осы Заң жүзеге асыру жөніндегі шаралар
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1992 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 286-құжат; № 24, 591-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
2. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының