Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысы (2005 ж. 20 қазанға берілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысы

(2005 ж. 20 қазанға берілген өзгерістер мен  толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды

 

Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкаларын жүйелеу және олардың Бүкiл дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының принциптерi мен ережелерiне сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

2. Қазақстан Республикасының жеңiлдiктер кестесiн пайдаланушы дамушы елдердiң тiзбесi бекітілсiн (2-қосымша).

3. Қазақстан Республикасының жеңiлдiктер кестесiн пайдаланушы мейлiнше аз дамыған елдердiң тiзбесi бекітілсiн (3-қосымша).

ҚР Үкіметінің 26.08.99 ж. № 1249 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде жеңiлдiк режимi қолданылатын дамушы және ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарлардың тiзбесi бекітілсiн (4-қосымша).

ҚР Үкіметінің 26.08.99 ж. № 1249 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді

5. Қазақстан Республикасына 4-қосымшада көрсетілген әкелiнетiн және Қазақстан Республикасының жеңiлдiктер кестесiн пайдаланушы дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты осы қаулының 1-қосымшасында көрсетiлгеннен 75 процент мөлшерiнде кеден бажының ставкасы қолданылады деп белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 26.08.99 ж. № 1249 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда

6. 4-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының преференциялар схемасын пайдаланушы - ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарлар кеден бажын алудан босатылады деп белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 26.08.99 ж. № 1249 қаулысымен 7-тармақ алынып тасталды

7. алынып тасталды

8. Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң арасында жасалған еркiн сауда туралы екiжақты келісімдерге сәйкес, осы мемлекеттерден шығатын, олардың аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және аталған келісімдердiң күшiнiң қолданылуына жататын тауарлардан кеден бажы алынбайды.

9. Шыққан елi белгiленбеген мемлекеттерден шыққан импортталатын тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының екi есе көбейтiлген кеден бажының ставкалары қолданылсын.

ҚР Үкіметінің 25.02.99 ж. № 177; 30.06.00 ж. № 994; 29.06.01 ж. № 891; 2004.27.12. ж. № 1404 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді

10. Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкаларын өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, дүниежүзілік рыноктың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін. Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкаларын қайта қарауға өтінімдер белгіленген нысан бойынша (5-қосымша) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жолданылады.

11. 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

12. Осы қаулы 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

1996 жылғы 14 қарашадағы

№ 1389 қаулысына

1-қосымша

ҚР Үкіметінің 26.06.98 ж. № 608 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.09.98 ж. № 927; 25.02.99 ж. № 177; 30.03.99 ж. № 320; 25.06.99 ж. № 852; 13.01.00 ж. № 70; 31.03.00 ж. № 473; 30.06.00 ж. № 994; 19.03.01 ж. № 358; 29.06.01 ж. № 891; 20.11.01 ж. № 1495; 23.09.02 г. № 1045; 07.02.03 ж. № 141 (бұр.ред. қара); 23.09.03 ж. № 968 (бұр.ред. қара); 14.10.03 ж. № 1051; 20.07.04 ж. № 774 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінiң 12.03.04 ж. № 310 қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінiң 07.10.04 ж. № 1034 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2004.27.12. ж. № 1404 (бұр. ред. қара); 2005.05.05. № 430  (бұр. ред. қара)  ;   2005.20.10 № 1051  (ресми жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енді ) (бұр. ред. қара ) ; қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді

 

Әкелiнетiн тауарларға кедендiк баждардың ставкалары